Құнанбай туралы көркем фильм түсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құнанбай туралы көркем фильм түсірілмек

26.06.2014
Құнанбай туралы көркем фильм түсірілмек
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Құнанбай тура­лы көркем фильм түсірілмек. Бұл туралы kazakhfilmstudios.kz хабарлады.
 
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, хакім Абайдың әкесі туралы «Құнанбай» фильмінің  түсірілімі биылғы жылғы шілде мен қыркүйек айлары аралығында  жүргізіледі.
 
Фильм­нің  режиссері әрі басты рөлді сомдайтын белгілі актер Досқан Жолжақсынов. Сценарий авторлары - Таласбек Әсемқұлов пен Досқан Жолжақсынов. Композитор - Төлеген Мұхамеджанов.
 
Тарихи туынды Ұлы Абайдың 170 жылдығы қарсаңында ұсынылатын болады.

Хабарламаларға жазылу