Алматыда «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті

23.05.2015
Алматыда «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Құнанбай» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Тарихи туындыны қоғам қайраткерлері, ел ағалары мен халық қалаулылары тамашалады.

Фильмде аға сұлтан, кемеңгер би, Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңі қамтылған.

Ел билеу ісі мен ру аларық татулықты сақтап тұру секілді жауапты қызметте Құнанбай қажы қашан да әділдікке жүгінгені баяндалады. Халықтың алдындағы парызы мен қарызын терең ұғына білген жанның кесек тұлғасын көз алдыңа әкеледі. Халқының қамы қайраткердің көрегендігі, данышпандығы, әділдігі мен дәстүрді айрықша құрметтейтіндігі анық көрсетіледі.

Көпшілік асыға күткен көркем туынды жалпыұлттық прокатқа 25-мамырда шықпақ.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу