Ыбырайым Сүлейменов – 300-дей фашистің көзін жойған сұрмерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыбырайым Сүлейменов – 300-дей фашистің көзін жойған сұрмерген

23.04.2015
Ыбырайым Сүлейменов – 300-дей фашистің көзін жойған сұрмерген

Ыбырайым Сүлейменов – 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған еді. Ол 100-ші атқыштар бригадасының құрамында Мәскеу маңындағы ұрыстарға, Великие Луки мен Невельді жаудан босату операцияларына қатысқан.  Мерген 1943 жылдың 15 қазанында Изоча станциясының маңында қаза тапты.

Қазақтың хас батыры Ыбырайым Сүлейменовке Кеңес Одағының Батыры атағы бұйырмады. Осыған байланысты Ә.Нұршайықов: «Қазақ солдаты Ыбырайым Сүлейменов 239 фашисті жойған кездің өзінде-ақ сөзсіз Кеңес одағының батыры болуға лайық еді. Бірақ, сәті түспеді. Ал, 300-ден астам жауды жайпап, ер өліммен өлгеннен кейін де оған батыр атағы берілмеді.

Ұсынылып, әлдекімдердің қазақтардан батырларды көбейте беріп қайтеміз деген арам ниетімен өтпей қалды ма, білмеймін... Бар білетінім, соғыста ерен ерлік көрсеткен есіл ер Ыбырайым Сүлейменов батыр атағына ілінбей қалғаны. Мұндай ержүрек сұрмергеннің батыр атағын алмағанына қалай өкінбессің?!»,-дейді.

Бүгін 22:45-те ««Ұлы Жеңіске - 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу