Қызылордада еңбек адамының есімі ұлықталды
Қызылордада Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің 100 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті.
Тағылымды шарада соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңде ауылшаруашылығы саласында аянбай тер төгіп, туған жерінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек адамының өмір жолы ұлықталды. Адал еңбегімен елге қызмет еткен тұлғаның игі істері дәріптеліп, кеңінен насихатталды. Президент «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс» деген. Міне осындай шаралар арқылы ер есімі ардақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету керек, дейді сала ардагерлері.
Нұрлыбай Ұлықпанұлы, а/ш саласының ардагері:
Бұл кісінің еңбегі сондай жаңа технологияға жаңашылдыққа құмар еді. Халқымызды, бізді күріш егуге үйреткен кісі. Күріштен өзінің еңбегінің арқасында 50 центнерден кем өнім алған жоқ. Жауапкершілігі күшті, намысшыл адам еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы