Басты Жаңалықтар Жаңа ұғымдардың ата заң деңгейінде бекітілуі - уақыт талабы

Жаңа ұғымдардың ата заң деңгейінде бекітілуі - уақыт талабы

Ғылым, инновациялар мен жасанды интеллект ұғымдарының негізгі заң деңгейінде бекітілуі болашақ мамандар мен оқытушылар үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл ақтөбелік ғалымдардың пікірі.

Қазір құқықтану, заң мамандықтарында оқитын студенттер жаңа оқу бағдарламалары бойынша білім алып жатыр. Олар жаңа конституцияны жарқын болашаққа кепілдік беретін басты құжат ретінде қабылдайды. Университет ғалымдарының айтуынша, жаңа ұғымдардың негізгі заң деңгейінде бекітілуі – еліміздің тек бүгінгі күнді ғана емес, болашақты да ескеріп отырғанын көрсетеді. Анығы - инновациялар мен жасанды интеллект күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналып үлгерді.

Айнұр Нұриддинова, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің құқықтану кафедрасының меңгерушісі:

Қазіргі қоғамдық қарым-қатынастар жасанды интеллектсіз, цифровизациясыз қолданылмайды. Бұл өмірімізге, күнделікті еніп кеткен дүиелердің бірі. Бір күнде бірнеше цифрлық іздер қалдырамыз. Оның цифрлық қауіпсіздігі, қолдану тәртібі, механизмдері және оның салдарын біз жиі оқу процесінде түсіндіріп айтып отырамыз.

Бөлісу