Басты Жаңалықтар Жаңаөзенде «Кемелденудің жеті шеңбері» инсталляциясы ашылды

Жаңаөзенде «Кемелденудің жеті шеңбері» инсталляциясы ашылды

Маңғыстауда Жаңаөзен қаласында «Кемелденудің жеті шеңбері» философиялық идеясына арналған символдық инсталляция-ескерткіш ашылды. Рухани мәні терең туынды Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» идеяларымен үндеседі. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Жеті шеңбер – адамның өз болмысын тануынан басталып, отбасы, қоғам, ұлт, адамзат және тұтас жаратылыс алдындағы жауапкершілігіне дейінгі рухани жолды бейнелейді. Философиялық тұжырымның авторы - ақын, философ Мұратхан Шоқан.

Мұратхан Шоқан, философиялық идеяның авторы:

Мұндағы ең кемел сана – жаратылыс шеңбері, оған шыққан адам аспан астындағы барлық жаратылғанның қамын жейді. Табиғатқа зиян келтірмейді. Ал енді алтыншы санаға шықса, адамзаттық санаға шықса, ол азамзаттың бәрін сүйеді. Ал, ұлттық сана-төртінші санаға көтерілсе, ол ұлтқа қызмет етеді. Мұндағы мақсат – сананы көтеру.

Жаңа нысанның ашылуы Мемлекет басшысы көтерген адалдық, тазалық, жауапкершілік пен саналы азамат қалыптастыру қағидаттарымен де сабақтасып жатыр, - дейді тұрғындар.

Сақия Мыңбай, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының кемел адам қандай кітап оқу керек, жастарға айтқан үлкен әңгімесін сөзін тыңдағанбыз, мына идея соған сай келіп тұр. Жасыратынымыз жоқ рухани шөлдігіміз әлде де бар. Бұл енді жастар үшін, біздің қаламыз үшін рухани сыйлық болғалы тұр.

Шара аясында «Жаңаөзенде жаңа жыр» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, үздік ақындар марапатталды.

Бөлісу