Ел жаңалықтарына шолу
Астана – Семей пойызында әйелдер вагоны болады
Астана
– Семей пойызында әйелдер вагоны болады. Бұл вагонға билеттер тек
қыз-келіншектерге сатылады. Жаңа stadler
пойыздарының алғашқы рейс 13 қарашаға жоспарланған. Ал жеті жасқа дейінгі ұлдар
анасымен бірге міне алады.
Қытайға қатынайтын әуе рейсі артады
Қытайға қатынайтын әуе рейсі көбейеді. Екі ел аптасына рұқсат етілген рейстер санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға келісті. Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалаларын әуе бағыттарының тізіміне қосу жоспарланып отыр. Көлік министрлігінің дерегінше, келісім тікелей рейстердің қолжетімділігін арттырып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және екі ел арасындағы туристік, әрі іскерлік байланысты дамытуға мүмкіндік береді.
Алматыдан сақ дәуірінің құнды әшекейін тапты
Алматыда сақ дәуіріне тиесілі құнды жәдігер табылды. Қарағайлы қорымында жүргізілген археологиялық қазба кезінде алтын бұйымдар, қыш ыдыстардың сынықтары мен адам сүйектері анықталды. Ғалымдардың алдын ала болжамынша, қорғанда төрт ересек адам мен үш бала жерленген болуы мүмкін. Археологтар тапқан жәдігерлер б.з.д. IV–III ғасырларға жатады. Яғни, әшекей бас киімге бекітіліп тағылған болуы ықтимал.
«Қайрат» италиялық «Аталантамен» тең түсті
«Қайрат» Италияда «Аталантамен» тең түсті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық футбол клубы 53-минутта есеп ашты. Гол авторы - Марк Гуаль. Ал алаң иелері 82-минутта Никола Крстовичтің голының нәтижесінде есепті теңестірді. «Қайрат» келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы