«Таңшолпанда» - Оспан Сүлейменұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Оспан Сүлейменұлы

20.04.2015
«Таңшолпанда» - Оспан Сүлейменұлы

ҚР Мәдениет қайраткері Оспан Сүлейменұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Халыққа ақын, күйші, дирижер ретінде танылған композитор шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Жастардың ортасында көп жүргендіктен, жазылған дүниелердің барлығы жастарға арналған»,-дейді ол.

«Қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардан біздің талантты, талапты жастарды көріп, сүйсініп отырасың. Талай жыл балаларға ұстаздық ете жүріп, қазақтың небір талантты өнерлілерін көрдім. Қазір олардың біразы өнердің биігіне көтерілсе, біразы ұстаздық қызметте, енді бірі – айтыскер ақын, бірі – журналист. Мен шәкірттерімнің әр жетістігіне қуанып отырамын».

Баспасөз беттерінде жарияланған дүниелерін жинап келген Оспан Сүлейменұлы: «Бала кезімде анам бізге батырлар жырын көп оқитын. Кейін мектепте ұстаздарымның ықпалы жазуға қызығушылығымды ашты. Ал, газет-журнал бетіне шыққан мақалаларымды жинақтау ойда болмаған еді.

1998 жылы 50 жылдық мерейтойыма орай С.Сейфуллин кітапханасының директоры осы жинақты тарту етті. Осыдан кейін өзім де жинай бастадым»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу