Басты Жаңалықтар Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды

Қазақтың үш мәдени мұрасын ЮНЕСКО тізіміне ұсынды

Қазақтың үш мәдени мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынылды. Ұйымның бағалау органы салбұрын дәстүрін, кесте тігу өнері мен дәстүрлі киіз басу тәсілін тізімге қосуды қолдады. Салбурын номинациясын Қазақстан жеке өзі ұсынған. Бұл – тазы жүгіртіп, бүркіт салатын дәстүрлі аңшылық фестивалі. Ал кесте тігу өнері Тәжікстан және Өзбекстанмен, киіз басу дәстүрі тағы алты мемлекетпен бірлесіп ұсынылды. Номинациялар бойынша түпкілікті шешім 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Қытайдың Сямынь қаласында өтетін ЮНЕСКО комитетінің сессиясында қабылданады. Қазір Қазақстанның аталған тізімінде 14 мәдени мұра элементі бар. 

Бөлісу