Ақтөбе облысында тағы бір спорт мектебі ашылды
Ақтөбе облысының Алға қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды. Мұнда алғашқы болып жүзу үйірмесі жұмысын бастады.
Оған 150 бала қатысып жатыр. Жас спортшылар екі ауысымда жаттығады. Алдағы уақытта футбол, баскетбол, дзюдо және өзге де спорт түрлерінен үйірмелер ашу көзделген. Қазір тілек білдірушілерді тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жеткілікті. Жауаптылардың айтуынша, жаңа спорт нысаны Жолдауда Президент тапсырған бұқаралық спортты дамытуға және балалардың спорттық қабілетін шыңдауға сүбелі үлес қосады.
Самғат Артығалин, Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы:
Сегіз спорт түрі бойынша. Оның ішінде волейбол, футбол, асық ату, үстел теннисі және дзюдо, осы спорт түрлері бойынша балаларды әлде де қабылдау жүретін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы