Басты Жаңалықтар Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді

Кітап оқитын ұлт: Жаңа энциклопедия жарық көрді

Кітап оқитын ұлт акциясы аясында Павлодарда жаңа энциклопедиялық оқулық жарық көрді. Авторы Екібастұздық ақын, жазушы, журналистика ардагері Жұмағали Қоғабай. Кітапта еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі мемлекеттік тілдің даму тарихының деректері, тарихи жылнамалық деңгейде рет-ретімен тақырыптық жүйеде жасалған. Әсіресе Ертіс-Баян өңіріндегі топонимдік атаулар, көшелер мен елді мекендердің атын ауыстыру, іс қағаздарын қазақ тіліне көшіру, мектептер мен мәдениет ошақтарын ашу сол өткен уақыттан хабар берер деректермен хатталған.

Айман Зейнулина, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Бүгінгі мемлекеттік тілдің зерттеушілері үшін, диплом жұмысы үшін, магистрант, керек десеңіз мемлекеттік тілдің даму саясаты үшін қолданатын фактісі жүйеленген туынды деп айтуға болады.

Бөлісу