Басты Жаңалықтар Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады

Астанада қазақтың дәстүрлі әндерін ұлықтады

Елордада өткен «Мұхит мұрагерлері» концертінде филармония әртістері қазақтың дәстүрлі ән өнерін ұлықтады. Шығармашылық кеш Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ұлттық өнерді әлемге танытуға бағытталған «Ұлы дала әуені» жоба аясында қос әнші әлемдік рекорд жаңартқан. Хатимолла Бердіғалиев жеті сағатқа жуық уақытта 120 ән орындаса, Қайрат Кәкімов домбыраның сүйемелдеуімен алты сағат бойы 132 әнді тоқтаусыз шырқаған. Екі нәтиже де Азия және Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабына тіркелді. Өнер ұжымының мерейтойлық гастрольдік сапары Алматыдан басталып, елордада жалғасын тапты.

Донеділ Қажымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор:

Мұхит Ғарифолла бастаған Ғарифолла Құрманғалиев жалғастырып, қазығын қадап кеткендей. Батыс өңірінің дәстүрлі әншілік мектебін жалғастырушылар осы Ғатимолла Бердіғалиев, Қайрат Қайеков сияқты ондаған осы бағыттағы, солардың шәкірттері сахнаның көркі болып келе жатыр, сондықтан осы жағынан ерекше біздің концерт.

Хадиша Елеусін

Бөлісу