Электр энергиясы өндірісін арттыру – стратегиялық міндет
Еліміз 2029 жылға қарай қуат көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жету керек. Президент биылғы Жолдауында Үкіметке осындай маңызды стратегиялық міндет жүктеді. Электр энергиясы өндірісінің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысу үшін бүгін бір топ Құрылтай депутаттары Сыр өңіріне келіп, сала мамандарымен кездесті.
Бүгінде аймақта электр желілерінің 60 пайыздан астамы ескірген. Соңғы жылдары мемлекет есебінен электр бағаналары мен подстанцияларды жаңартуға қомақты қаржы бөлініп, өзекті мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жиында Құрылтай депутаттары бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Және Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді түсіндіріп, сала өкілдерінің талап-тілегін тыңдады.
Мұхиджан Кәрімбаев, сала ардагері:
Өзім енді энергетик ретінде осы біздің Қызылорда аймағындағы проблемаларды көтердім. Ол біздің жылу электр орталығына байланысты. Электр тарату тораптар компаниясына байланысты. Сол тарифке байланысты. Депутаттар, Халық Кеңесі қатысып, соны талқыладық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы