Басты Жаңалықтар «Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті

«Kaztalov-invest» II аудандық инвестициялық форумы өтті

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауылында «KAZTALOV-INVEST» II аудандық инвестициялық форумы өтті. Жиында жалпы құны 2 млрд теңге болатын 26 келісімге қол қойылды.

Форум аясында ұйымдастырылған көрмеге жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Ауданда 1800-ге жуық кәсіпкерлік өкілдік тіркелген. Былтырғы форумда құны 1 млрд теңге болатын 14 жобаны іске асыру келісілген болатын. Нәтижесінде ауылдарда наубайхана, дүкен, мал бордақылау алаңы, жанармай құю стансасы, өзге де нысандар ашылып, қызметін бастады. Биыл да туристік-демалыс орындары, қонақүй, көлік жөндеу орталығы секілді ілкімді жобалар жүзеге аспақ. Жиында, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндірілді. Іс-шара Жолдауда айтылған ауыл-аймақты дамыту, жеке инвестиция тарту, кәсіпкерлерге жағдай жасау мақсатын көздейді.

Рашид Иманғалиев, Казталов ауданы әкімінің орынбасары:

Мемлекет басшысы жолдауында айтып өткеніндей, бизнеске қандай да бір кедергінің өзі қылмыс болып саналады немесе сонымен теңестіруге болады. Соның өзі біздің кәсіпкерлерімізге үлкен жігер береді деп есептейміз. Бүгін 26 жоба, құны 2 млрд теңге болатын меморандумдарға қол қойылып жатыр.

Бөлісу