
Ежелден қасиетті құс саналатын үкі еліміздің шөлді, шөлейт аймақтарын мекендейді. Үлпілдегін кәдеге жаратқан халық үкінің пайдасын біле бермейді. Түн қарақшысының әсіресе, жаз айларында шаруаларға көмегі зор. Егінді түрлі кеміргіштерден қорғайды.
Үкінің үлпілдеген жүнін баланың бесігіне тіл-көзден қорғасын деп, қыздардың сәукелесіне бақыт әкелсін деп, ал, домбыраға әншілерге табыс әкеледі деген ниетпен таққан.
Білімділіктің, тапқырлықтың, даналықтың, кітапқұмарлықтың символы саналатын құс сағатына 130 шақырым ұша алады. Жемтігін жалғыз жүріп табатын үкі ақылды, есті құс. Ол ұшқанда қанатының қағысы да естілмейді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша үкінің 134-ке жуық түрі бар. Салмағы 120-600 грамм аралығында болады. Үкілер орташа есеппен 12 жыл өмір сүреді. Дене тұрқы алып болмағанымен, түрі сұсты көрінеді.
Үкінің басты ерекшеліктерінің бірі – олар жұптарын өмір бойы сақтайды. Сондай-ақ, ұясын жасырын жерге салады. Мойнын 180 градусқа бұра алатын қасиеті тағы бар.
Ерекше құсты қолға үйретуге бола ма? Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
