Басты Жаңалықтар Бокс: Жәнібек пен Лара жекпе-жегі әлем назарында

Бокс: Жәнібек пен Лара жекпе-жегі әлем назарында

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы осы жексенбіде әйгілі кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасады. АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтетін айқаста Халықаралық кәсіпқой бокс ұйымының үш бірдей белбеуі сарапқа салынады.

Қос боксшы орташа салмақта сынға түседі. Отандасымыз осы кезге дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ал кубалық қарсыласы 31 рет шаршы алаңға шығып, 3 мәрте тең түсіп, 3 кездесуде жеңіліс тапқан. 32 жастағы Жәнібек Әлімханұлы бүгінде Халықаралық бокс федерациясы және Бүкіләлемдік бокс ұйымының дәрежесі бойынша чемпион. Ал 42-дегі Эрисланди Лара Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы белбеуінің иегері. Бұл біржағынан әуесқойдан келе жатқан қазақ-куба бокс мектебінің текетіресі. Сондықтан бокс әлемі осы айтулы жекпе-жекке көз тігіп отыр.  

Қалың қазақ асыға күткен жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Жәнібекке жанкүйер болайық!


Бөлісу