Архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы бір жарым есе өседі. Ал ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға 25 пайыздық қосымша төлем заң жүзінде бекітілмек. Бұл туралы Сенатта өткен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында айтылды. Депутаттар қараған заң жобасы Ұлттық архив қорын сақтау және цифрландыруды, сондай-ақ өскелең ұрпақты дәстүрлі емес құндылықтарды насихаттаудан қорғауға бағытталған. Құжатта мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру, мұрағат саласын жаңғырту және құжаттарды сақтау мен қорғау тетіктерін күшейту қарастырылған. Бұдан бөлек, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-сметалық және қала құрылысына қатысты материалдар да Ұлттық мұрағат қорына енгізу ұсынылды.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл жалақыны 1,75 коэффициентке көтеруге және архивтердің материалдық базасын нығайтуға жол ашады. Дербес деректерді қорғау. Яғни, азаматтардың жеке өміріне қатысты архивтік мәліметтерді үшінші тұлғалар сұратқан кезде олардың құпиялылығын қорғау нормалары күшейтіледі.
Заңның маңызды бөлігі - балаларды зиянды ақпараттан қорғау
Түзетулердің тағы бір маңызды бөлігі —
балаларды зиянды ақпараттан қорғау. Заң жобасы педофилияны немесе дәстүрлі емес
бағдарды насихаттайтын контенттің қоғамда, БАҚ-та және онлайн платформаларда
таралуына шектеуді күшейтеді. Заң жобасы бейсенбіде өтетін Сенаттың жалпы
отырысында қаралады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы