8, 9 сәуірде «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық ортылығы №71 мектеп-лицейінің базасында ІХ қалалық «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» қалалық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары мен 2 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жас педагогтар қатысты.
Байқауға қатысуға 32 педагог және 26 оқушы өтінім берген, соның ішінде ІІ кезеңге 11 мұғалім мен 13 оқушы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің, №30 мектеп-гимназиясының, №71 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларынан құралған командалар мен №78 мектеп-гимназиясының, №70 мектеп-лицейінің, №71 мектеп-лицейінің жас педагогтары жүлделі орындарға ие болды.
Олар 3-5 мамыр күндері Пертопавл қаласында өтетін Х халықаралық педагогикалық олимпиадада Астананың намысын қорғайды.
astana.gov.kz