Голливуд актері Стивен Сигалдың айкидо шебері, әйгілі кино актері ғана емес, сондай-ақ, сценарист, режиссер, музыкант екенін білетіндер аз. Ол тіпті, бір кездері АҚШ-тағы ЦРУ агенті де болған.
Стивен Панама диктаторы Наридидің оққағары болып, шығыс медицинасымен де айналысқан. Бір жағынан оның кино әлеміне келуін шығыс медицинасын білуімен байланыстыруға болады. Ол осы терең білімінің арқасында Голливудтың мықты жұлдыздарының қатарында тұр.
Актер бала кезінде өзін-өзі бұзықтардан қорғай алмайтын әлжуаздау болған екен. Кейін 16 жасқа келгенде өмірін күрт өзгертуге бел байлап, каратэмен айналыса бастайды. Ежелгі шығыс жекпе-жегі оның өзіне деген сенімін оятады.
Көше төбелестерінде Стивеннің басбұзарлығы шектен асады. Полиция мұның соңы түрмемен аяқталатынын ескертеді. Есті бозбаланы бұл ескертпе дер кезінде қалыпқа түсіреді. Кино әлемінде Стивен Сигалдың атағын шығарған «Нико» фильмі.
Айта кету керек, әлемге әйгілі боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы, «Баркер» кубогының иегері Василий Жиров Стивен Сигалдың ұстазы әрі бапкері.
«Голливудта бірнеше рет болдым. Сол кездері әлемдік актерлермен кездесудің реті келетін. Стивен Сигалды жақсы танимын. Екеуміз жан доспыз»,-дейді боксер.
Ал, Сигалдың өзі: «Менің ойымша, Василий екеуміз ұқсас ортада өстік. Қаражат тапшылығы дегендей. Сондықтан, өз дегеніңе жету үшін мінезіңді шыңдап, көп еңбектену қажет болды. Мен Қазақстанда талай рет болдым. Елдің қарқынды дамып келе жатқанын білемін»,-дейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.