Басты Жаңалықтар Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді

5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді. Келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады, деп хабарлайды Ақорда.



Бөлісу