AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
Жасанды интеллект сарқылып жатқан кен орындарындағы мұнайды соңғы тамшысына дейін өндіруге және өңдеуге көмектеседі. Бұл туралы Астанада өткен AI & Digital Bridge халықаралық форумында айтылды. Шараны қорытындылауға арналған кешке Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, жасанды интеллект негізіндегі отандық цифрлық шешімдермен танысып, AI & Digital Bridge Awards 2026 жеңімпаздарын марапаттады. Білім беру, қаржы және өнеркәсіп салаларына арналған AI-жобалар таныстырылды. Олардың қатарында AI-тьюторлар, оқу үлгерімін талдау жүйелері, Kaspi.kz экожүйесіндегі Kasper AI-ассистенті, Freedom Holding-тің AI-Compliance платформасы, ҚазМұнайГаздың цифрлық телнұсқалары және ҚТЖ-ның SMART-диагностика жүйесі бар. Форум аясында 60-тан астам жаңа келісім жасалды.
Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
Жасанды интеллект бізге сарқылып жатқан кен орындарда мұнайды өңдеуге көмектеседі. Яғни, бұрын біз ол гаризонттарға экономикалық жағынан күмәнмен қарасақ, қазіргі таңда жасанды интеллект бізге 6 ұңғыманың орнына екі горизонтальды ұңғыманы бұрғылауға шешім беріп жатыр. Яғни, экономикалық тиімділігі артады. Мұнай өңдеу көлемі өседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы