Басты Жаңалықтар Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  1. «Қазгидромет» бүгін 16 аймақта қолайсыз ауа райы болатынын ескертеді. Басым өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және бұрқасын түседі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді. Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында жаңбыр, таулы аймақтарда қар күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынмен қатар көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде де ауа райы құбылмалы болады. Түркістан мен Шымкентте найзағай ойнап, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Батыс және орталық өңірлерде де жел күшейеді.

Бөлісу