Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары да тарих қойнауына кетті. Қазақстан сарықұрлық бәсекесінде 12 алтын, 24 күміс, 48 қоламен жалпыкомандалық есепте сегізінше сатыға жайғасты. Спортшыларымыз байрақты додада жүлделі болып қана қоймай тарихи нәтижелер де тіркеді. Ұлттық құрама жетістіктеріне куә болған әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтады.
Асылбек Данияр, тілші:
Күн шығыс еліндегі ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты басталды. Осы уақыт аралығында ел намысын қорғаған спортшылар мен өзге де елдің атлеттері шерумен жүріп өтіп жатыр. Бүгін кешке Жапонияның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін қойылымдар, лазер шоуы өтеді.
Жабылу салтанатында Қазақстан туын көркем гимнаст, жасөспірімідер арасында әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ұстап шықты. Биылғы төртжылдық бәсекесінде 45 елден келген 10 мыңнан астам атлет қатысты. Олар спорттың 43 түрінен 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Жапониядағы дүбірлі додада отандастарымыз бірқатар тарихи нәтиже тіркеді. Семсерлесудің сапы түрінен ерлер құрамасы алғашқы Азиада алтынын жеңіп алды. Әйелдер командасы болса, тұңғыш қоласына қол жеткізді. Академиялық ескек есуде Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында топ жарып, Азия ойындарының бірінші алтынына ие болды. Таеквондодан Тамирлан Тілеулес те Қазақстан тарихындағы тұңғыш Азия ойындарының чемпионы болды. Велоспортта Алексей Луценко қос алтынды олжалап, алты дүркін Азиада чемпионы атанды. Рината Сұлтанова болса әйелдер арасындағы велоспорттан Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді. Сарықұрлық бәсекесінің бағдарламасына бірінші рет енген аралас жекпе-жектен 2 отандасымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Әнұранды шырқатқандар арасында 12 жылдан кейін жеңімпаз болған былғары қолғап шеберлері мен каратшілер де бар.
Жапонияда тұтанға Азия ойындарының алауы сөніп, эстафета Қатарға тапсырылды. Кезекті құрлықтың бәсекен 2030 жылы Доха қабылдайды. Шығанақ інжуі жарыстың тұсаукесер бейнебаянын танысытырып, ерекше қойлым ұсынды.
Асылбек Данияр, тілші:
558 спортшы, 84 медаль. Осылайша Жапонияның Аичи префректурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Ұлттық құрама өткен Азиададағы нәтижесін жақсартты. Қытайда 11-орынмен аяқтаса, бұл жолы жалпыкомандалық кестенің 8-орнына тұрақтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы