Орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррейді жеңді.
11 раундқа созылған кездесу тартысты өтті. Алайда Головкин қарсыласына еш мүмкіндік бермей, Мюррейді нокаутқа түсірді. Сонымен қатар, Головкин Мюррейді үш рет нокдаунға жіберді.
Осылайша Геннадий Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Мигель Коттоның (Пуэрто-Рико) міндетті қарсыласы атанып, онымен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алды.