Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті (ВИДЕО)

11.09.2016
 Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Лондон қаласының О2 аренасында өткен кездесу бесінші раундта аяқталды. Британдық боксшының командасы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, 34 жастағы отандасымыз спорт мансабындағы 36-шы жеңісіне жетті. Головкин 33-ші рет және 22 рет қатарынан кездесуді нокаутпен аяқтады. Өз кезегінде британдық боксшы Брукке бұл спорт мансабындағы 37-ші жекпе-жек және алғашқы жеңіліс болды.  Соған қарамастан, Брук IBF нұсқасы бойынша  жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Айта кетейік, бұл кездесу Головкин үшін Ұлыбритания жерінде өткен алғашқы жекпе-жек. Бұған дейін ол Германия, Дания, Панама, Қазақстан, Украина, АҚШ және Монако елдерінде жұдырықтасқан болатын.

Хабарламаларға жазылу