Руслан Мәдиев қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Мәдиев қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

17.05.2015
Руслан Мәдиев қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (19-1-0, 6 КО) кездеседі.

Сонымен қатар, осы жекпе-жек аясындағы тағы бір қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев өзінің кезектті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Қарсыласы америкалық боксшы – Хулио Санчесті екінші раундтың басында нокаутпен ұтты. 
Бұл Руслан Мәдиевтің 5-ші жекпе-жегі. 3 кездесуді мерізімінен бұрын нокаутпен аяқтаған. 

Айта кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші таңғы сағат 07:00-де басталған. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.

Видео: vk.com/ggolovkin

Хабарламаларға жазылу