Ермахан Ыбырайымов пен Серік Елеуов Головкин-Уэйд жекпе-жегіне сарапшы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ермахан Ыбырайымов пен Серік Елеуов Головкин-Уэйд жекпе-жегіне сарапшы болды

24.04.2016
Ермахан Ыбырайымов пен Серік Елеуов Головкин-Уэйд жекпе-жегіне сарапшы болды

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (19-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен Афины Олимпиадасының қола жүлдегері және Геннадий Головкиннің жақын досы Серік Елеуов Головкин-Уэйд жекпе-жегіне сарапшы болды.

Тікелей эфирден соң Е.Ыбырайымов пен С.Елеуовті «Қазақстан» РТРК корпорациясының төрайымы Нұржан Жалауқызының қабылдауында болды. Корпорация басшысы Нұржан Мұхамеджанова құрметті меймандарға бокс мерекесіне сарапшы болғандарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Е.Ыбырайымов бұған дейін Г.Головкин 5-ші раундта жеңіске жетеді деп болжаған болатын. Ал, Серік Уэйд 5 раундтан артық Геннадийдің соққыларына шыдай алмайды деген еді.

Хабарламаларға жазылу