Головкин-Монро. Иван Моралес Данни Флоресті нокаутпен жеңді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Монро. Иван Моралес Данни Флоресті нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

17.05.2015
Головкин-Монро. Иван Моралес Данни Флоресті нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (19-1-0, 6 КО) кездеседі.

Бокс кешіндегі алғашқы жекпе-жекте жеңіл салмақ дәрежесінде (53,525 келіге дейін) екі мексикалық боксшы Иван Моралес (27-0-0, 15 КО) пен Данни Флорес (14-6-1, 8 КО) жұдырықтасты.

8 раундтық кездесуде кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Иван Моралес Данни Флоресті соңғы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Енді шаршы алаңға Педро Дюран (10-0-0, 7 КО) мен Дэниел Пералес (5-1-0, 3 КО) шығады.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші таңғы сағат 07:00-де басталған. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу