Геннадий Головкин кіші Вилли Монроны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин кіші Вилли Монроны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (ВИДЕО)

17.05.2015
Геннадий Головкин кіші Вилли Монроны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (ВИДЕО)

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0-0, 30 КО) мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (20-2-0, 6 КО) кездесті.

Кездесудің бірінші раундынан бастап басымдыққа ие болған Геннадий Головкин Вилли Монроны екінші раундта екі рет нокдаунға түсірді.

Ал, ауыр соққылардан ес жинаған В.Монро 3-ші, 4-ші және 5-ші раундты нәтижелі өткізді. Алайда жекпе-жектің 6-шы раундында Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл оның қатарынан 20-шы нокауты.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші 17 мамырда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де басталған.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу