Геннадий Головкин: шаршы алаңға кіші Чавеспен шыққым келеді

28.07.2014
Геннадий Головкин: шаршы алаңға кіші Чавеспен шыққым келеді

Кәсіпқой бокстан WBA және ІВО тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Дэниэл Гилмен болған жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында әлемнің бұрынғы чемпионы Хулио Сезар кіші Чавеспен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

«Мен Чавеспен жұдырықтасуға дайынмын. Маған бұл жекпе-жек керек», - деді Головкин. Айта кетейік, Головкин мен Чавес жекпе-жегі туралы көктемде көп айтылған болатын. Алайда ол кезде мексикалық команданың өкілдері ақша жағынан келісе алмады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 шілде күні Геннадий Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Осылайша ол өзінің чемпиондық атағын WBA тұжырымы бойынша 11-ші рет, ал ІВО тұжыры бойынша 8-ші рет қорғап қалды.

 

Хабарламаларға жазылу