Головкин-Рубио жекпе-жегін 9 323 көрермен тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Рубио жекпе-жегін 9 323 көрермен тамашалаған

19.10.2014
Головкин-Рубио жекпе-жегін 9 323 көрермен тамашалаған

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасында Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center аренасында өткен жекпе-жекті 9 мыңнан аса көрермен тамашалаған.

«Джим Лэмпли келген көрермендердің санын айтты – 9 323», - деп жазған спорт журналисі әрі комментатор Григорий Стангирт өз твиттер парақшасында.

Геннадий Головкин Марко Антонио Рубионы жеңу арқылы өзінің орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын 12-ші рет, ал, IBO тұжырымы бойынша 9-шы рет қорғап отыр.

Бұл жекпе-жек 32 жастағы қазақстандық боксшы үшін 2014 жылғы үшінші, ал, кәсіпқой шаршы алаңдағы 31-ші жұдырықтасуы. Геннадий барлығында жеңіске жетіп, 28-ін нокаутпен аяқтаған (оның 18-і қатарынан).

Хабарламаларға жазылу