Астанада шетелдік пианистер шеберлік сыныптарын өткізеді
«Astana Piano Passion» байқауы аясында ресейлік фортепиано өнерінің шеберлері Қазақстанның дарынды балаларына шеберлік сыныптарын өткізбек.
Шеберлік сыныптары 16 ақпан мен 30 наурыз аралығында Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде және Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұйымдастырылады.
Оған «Astana Piano Passion» байқауына үміткерлермен қатар, барлық ниет білдіруші балалар қатыса алады.
Айта кетейік, «Astana Piano Passion» ІІІ Халықаралық пианистер байқауы 24 сәуір - 2 мамыр аралығында Астанада өтеді.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 1-наурызда аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05