Басты Жаңалықтар AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн

AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн

Халықаралық Astana AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды. Оған кез келген елдің креаторлары қатыса алады. Жас шектеуі жоқ. Басты талап: қысқаметражды фильм толығымен жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалуы керек. Танымал тұлғалардың бейнесін персонаж ретінде пайдалануға болмайды. Сонымен бірге, авторлық музыкалық композицияларды қолдануға тыйым салынады. Ұзақтығы 3-10 минуттың аралағы болуы тиіс. Жүлде қоры - миллион доллар. Жеңімпаздар екі бағыт бойынша анықталады. Біріншісі - «Өмір сүруге тұрарлық болашақ» тақырыбында болса, екіншісі - еркін бағыт. Айта кетейік, фестиваль 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Ұйымдастырушылар байқауға шамамен 4 мыңға жуық туынды түсуі мүмкін дейді. Өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады.

Айзатулла Хуссейн, ұйымдастырушы:

Іріктеуден өткен креаторларға өз фильмін дайындауға 2 жарым ай уақыт беріледі. Фильм негізінен ағылшын тілінде ұсынылуы керек. Басқа тілде болса субтитр жазу міндетті. Үздіктерді халықаралық сарапшылар анықтайды. Қазылар алқасының тізімін жақын арада жариялаймыз. Жалпы, бұл байқауға 50-ден астам елдің өкілі қатысады деп ойлаймын.
Бөлісу