Басты Жаңалықтар Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты

Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты

Екібастұз МАЭС-1 станциясы былтыр  24,5 млрд КВт сағат қуат өндірді. Бұл рекордтық көрсеткіш және бір кәсіпорынға елімізде өндірілетін электр энергиясының 20 пайызы тиесілі деген сөз. Ал мұның себебі №1 энергетикалық блок қайта қалпына келтіріліп, станция 8 блокты режимде жұмыс істеуге көшті. Қайта жаңғыртылған  электр стансасының әлеуетін әріптесім  Болат Аманбаев көріп келді.

Екібастұз МАЭС-1 стансасы салынғанда 8 блок жұмыс істейді деп жоспарланған. Бірақ ол іске аспады. Тек 2024 жылдан бастап ел үкіметінің бастамасымен стансаны заман талабына сай модернизациялау жұмыстары басталды.

Асқар Аманкелді, МАЭС-1 Станциясы электр цехының аға инженері:

Рекордтық көрсеткіш №1 энергоблоктың қалпына келтіру жобасын табысты іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы 30 жылда станса толық белгіленген қуаттылықта 4 мың 40 МВт 8 блоктық режимде жұмыс істеуде.

Әр блоктың қуаттылығы 540 МВт. Мұндай алып  өндіріс әлемде некен саяқ. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін станцияда 100-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылып, елде электр энергиясының тапшылығы азайды. Қазір кәсіпорында жаңа жобалар іске асырылып  жатыр. Өндіріске цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі жаңашылдықтар енгізілуде. Жұмысшыларға арнайы каскалар беріліп, 270-ке жуық бейнекамера орнатылды. Бұдан былай технологиялық процестер заманауи автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады.

Қайрат Кенжебеков, МАЭС-1 Станциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жетекші инженері:

Аталған жүйені игеру, яғни  цифрландыру әсіресе өндірістік қауіпсіздіктің сақталуына ерекше нәтиже берді. Ең бастысы техникалық талаптардың бұзылуын анықтау ғана емес, өндірістегі кез келген ауытқушылық, кідіріс, ішкі жағдай  бәрі бейнетүсірілім арқылы орталықтан бақыланады. Жасанды интеллект арқылы автоматты түрде сараптама жасалады.

Жаңғырту жұмыстары кезінде стансаға соңғы үлгідегі электросүзгілер орнатылды. Бұл - еліміздегі энергетикалық нысандарды жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі ғана.

Алексей Огай, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры:

Екібастұз МАЭС-1 стансасында Қазақстандағы энергетика саласын жаңғырту бойынша қолға алынған ауқымды бағдарлама өте жоғары нәтиже беріп отыр. Біздің бағдарламалық портфелімізде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жан-жақты қамтылған. Қазіргі уақытта жаңа энергия көздерін табу, дәстүрлі генерация, бұл әрине көмір мен газды тиімді пайдаланудан бөлек гидроэнергетиканы дамытуды жаңа электр станцияларын салу жоспарымыз бар.

Демек алдағы уақытта ұлттық энергия жүйесі тұрақты дамиды деген сөз.  Экономиканы еселеуге мүмкіндік те арта түседі.

Бөлісу