Әскери ұшқыштар Жеңістің 70 жылдығына дайындықты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери ұшқыштар Жеңістің 70 жылдығына дайындықты бастады

10.01.2015
Әскери ұшқыштар Жеңістің 70 жылдығына дайындықты бастады

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парадқа дайындықты бастады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өнер көрсету жоспары әзірленуде, бұл барлық соғыс ардагерлері үшін өзгеше сыйлық. Сондай-ақ, қазақстандық әскери ұшқыштар жауынгерлік әзірлігінің көрсеткіші болады.

Әскери қызметшілер мерейтой құрметіне аспанда ұшақтармен «70» санының бейнесін түзеп ұшу идеясын ұсынды. Бұдан бөлек, ұшқыштар жоғары пилотаждың түрлі фигураларын орындайтын болады. Солардың бірі – атақты «Нестеров тұзағы».

«Бір ұшақпен осы фигураны орындау аса күрделі емес, алайда оны топ құрамында жасау барынша білімді, шеберлік пен тәжірибені қажет етеді. Өйткені, бірнеше ұшақ бірлесіп бірдей қозғалуы тиіс. Сондықтан да, ұшқыштар топ құрамындағы ұшуларға кірісердің алдында теориялық және практикалық дайындық курсынан өтеді», - дейді майдан авиациясының ұшқышы подполковник Нұрлан Оразов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің сапында Су-25, Су-27, МиГ-23, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 сияқты қуатты жауынгерлік ұшақтар бар.

Хабарламаларға жазылу