«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар сыйлады

29.12.2014
«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар сыйлады

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар сыйлады

Шара Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналды.

Аяз Ата, Ақшақар, Мыстан кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі жаңажылдық қойылым ұйымдастырылды.

Ертеңгілікте мүмкіндігі шектеулі балаларға кәмпиттер, ойыншықтар мен балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар салынған қоржындар сыйға тартылды.

«Бұл «Астана EXPO -2017» Ұлттық компаниясымен жасалған біздің алғашқы ынтымақтастығымыз. Көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін біздің мекеме атынан ұлттық компанияға алғысымызды білдіреміз. Біздің өзара әріптестігіміз жалғасады деп ойлаймын», - деді «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры орынбасарының міндеттерін атқарушы Дәурен Талапбергенов.

Хабарламаларға жазылу