Басты Жаңалықтар «Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді

«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді

Сонымен бірге Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрайымын қабылдады. Ләззат Шыңғысбаева Қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткенін айтты. Қордың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ауқымды шаралар атқарып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда «Онкологиялық қызмет» қолдау тауып, медициналық ұйымдар заманауи сәулелік терапия құрылғыларымен жабдықталды. Өңірлерде оңалту орталықтары жаңартылды. Ауыл мектептерін дамыту, гранттар бөлу және STEM-оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерге баса мән берілген. Өңірлерде спорттық инфрақұрылым жақсартылып, инклюзивті спорт орталықтары ашылуда. Президент бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы:

Спорт саласында бірнеше өңірде жоспарланып қойған салатын нысандарымыз бар. Әлеуметтік салада, балалардың ауданда ашылатын оңалту орталықтары бар, Балаларымызға арналған білім саласында тағы қосымша даму мәселесі бар. Осы жобалардың барлығы және де өткен жылдың жасалған нәтижесін барлығын жеткізіп, осындай ұсыныспен шықтым.


Бөлісу