Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
Баладан иттің өмірі қымбат болғаны ма? Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин бастаған бір топ азамат "қаңғыбас иттерді эвтаназиялау" туралы заң жобасына қарсы шықты. Өздерін зооқарғаушылар деп атаған белсенділер баспасөз конференциясын өткізіп, «қоғамдық орындарда бұралқы иттердің шабуылына ұшырау -баланың қауіпті жағдайды алдын ала ескермеуінен», - деп бар жауапкершілікті жәбірленушілер мен олардың ата-аналарына артып қойды. Жиында журналистердің бірі қаңғыбас иттердің өмірі маңызды ма, әлде балалардың өмірі ме деп сұрақ қойған. Тіпті, 2022 жылы Ақтөбе облысында қаңғыбас иттердің баланы талап өлтіргенін мысалға келтірген. Ал, бұрын бүлдіршіндердің құқығын қорғап жүрген Аружан Саин бұл жолы қаңғыбас иттердің шабуылын табиғи жағдай деп отыр. Белсенділер жануарларды жансыздандыруға қарсы шығып, оларды табиғи ортада сақтау және гуманистік бақылау жүйесін дамытуды талап етіп отыр. Бірақ ресми статистика елде күніне 100-ден астам адамды ит қабатынын көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы