23-қараша күні Астанадағы «Конгресс-Холл» концерттік залында «Кездер-ай» атты концерт өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
Концертке «Шалқыма» халықтық би ансамблі мен Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының халық әндерін орындаушылары қатысады. Сондай-ақ, кеште қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалады.
Концерт сағат 19:00-де басталады.