Астанада «Музыка-тілсіз әлем» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Музыка-тілсіз әлем» атты концерт өтеді

17.02.2016
Астанада «Музыка-тілсіз әлем» атты концерт өтеді

«Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі 1997 жылы құрылған. Аталмыш ұжым Құрманғазы, Дина сияқты атаулы өнер саңлақтарының ұлттық музыка дәстүрін жалғастырып, халық шығармашылығымен қатар, әлемдегі ең озық музыка классиктерінің таңдаулы шығармаларын да шебер орындайтындықтарымен ерекшеленеді. Жиырма жыл ішінде оркестр қазақ және шетел композиторларының күрделі шығармалары мен әндерін музыка аспаптарына түсірді. Оркестр өзінің репертуарын жиі-жиі өзгертіп, жаңғыртып отырады»,- делінген Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы таратқан баспасөзге арналған мәліметтерде.

Қазақстан композиторлары: А.Жұбанов, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Е.Брусиловский, Н.Тлендиев т.б белгілі композиторларымыздың  музыкалық шығармаларымен қатар, П.И.Чайковский, В.А.Моцарт,  Ж.Бизе, А.Хачатуриян, И.Штраус  шығармалары оркестрдің репертуарынан кең орын алған.

Концертте өнер көрсететіндер: Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры ҚР еңбек сіңрген қайраткер, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер Мәдениет қайраткері Н.Бекенов.

Сондай-ақ онда «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Жанар Қасымова, Бибігүл Жартыбаева, Ботагөз Тәшімова, Азат Тұранел, Республикалық конкурстардың лауреаты Ержан Түтеев, «Шабыт» байқауының лауреаты Шахризада Тыныштық та өнер көрсетеді.

Концерт елордадағы Конгрес-Холл сарайында 18 ақпан күні сағат 19-00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу