Астанада «Қазақтың мың күйі» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақтың мың күйі» атты концерт өтеді

24.11.2014
Астанада «Қазақтың мың күйі» атты концерт өтеді

5-18 желтоқсанда «АЛЖИР» мұражайында «Тәуелсіздік едіміздің тірегі» атты бейнепанорамалық көрме өтеді.

Халық шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар 13 желтоқсанда «Қазақстан» Орталық концерт залында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалай алады.  

15 желтоқсанда қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтың мың күйі» атты концерт өтеді.

14 және 17 желтоқсанда жаңа Оқушылар сарайында Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы және Н. Гогольдің «Ревизор» трагифарс жанрындағы қойылымы ұсынылады.

Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты спектакль көрсетіледі.

14 желтоқсанда «Конгресс-Холл»  сарайында «Жұлдыздар да айтысады» атты айтыс думаны, 17 желтоқсанда «Ән мен әнші» концерті өтеді.

16 желтоқсанда қалалық алаңда Астана қаласының жастарына, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған би кеші ұйымдастырылады.

Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу