Астанада «Операға деген махаббат» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Операға деген махаббат» атты концерт өтеді

27.11.2014
Астанада «Операға деген махаббат» атты концерт өтеді

Кеште Г.Гендель, В.Моцарт, Г.Доницетти, В.Беллини, Дж.Верди және басқа да атақты композиторлардың туындылары шырқалады.

 «Бұл кеште «Сарайдағы алып қашу», «Пуритане» сияқты опералардан танымал ариялар шырқалады.

Түрлі себептерге байланысты қазақстандық театрлардың сахнасында қойылмайтындықтан,  мақсатымыз - тыңдармандарды осындай туындылармен таныстыру», дейді концерттің авторы – Халықаралық конкурстардың дипломанты Долорес Үмбетәлиева. 

Концерт бір бөлімнен тұрады. Билет бағасы 1 500 теңгеден басталады.

Хабарламаларға жазылу