Астанада «Әнім сен едің» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Әнім сен едің» атты концерт өтеді

04.07.2014
Астанада «Әнім сен едің» атты концерт өтеді

Бүгін Астана төрінде Шәмшінің әндері әуелейді. Мерекеге арналған «Әнім сен едің» атты үлкен концерт қазақ вальсінің королі атанған композиторды еске алуға арналған.

Кешке Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев секілді әйгілі әншілер мен «МузАРТ», «Ринго» тәрізді танымал топтар қатысқалы отыр. Шара қарсаңында бір топ өнер иелері баспасөз мәслихатын өткізді.

Дайындықтары жайында сыр бөлісіп, биылғы концерттің ерекшеліктеріне тоқталды. Ертең сазгердің жұрт білетін әндерімен қатар, жарыққа шықпаған туындылары да орындалатын болады.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңіне жазылған. Бұл әнді біздің көрермен тіпті ұмытып та кеткен шығар. Бала кезімде бір-ақ рет тыңдаған ән. Осыны ұсындым. Бір жаңалық енгізейік деп.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу