Дәстүрді артта қалушылық дейтін түсініктен арылуымыз керек - Бас мүфти - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрді артта қалушылық дейтін түсініктен арылуымыз керек - Бас мүфти

04.11.2014
Дәстүрді артта қалушылық дейтін түсініктен арылуымыз керек - Бас мүфти

2014 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі аясында «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына орай, еліміздің барлық өңірінде дініміз бен салт-дәстүрімізді ұлықтайтын іс шаралар өткізіліп келеді.

Маңғыстау өңірінде жыл басынан бері 3 республикалық конференция өткізілді.

Кезекті басқосуда Бас мүфти дін мен дәстүрді бір-бірінен бөле жармау, дәстүріміздің озығын дәріптеу жөнінде баяндама жасады. 

«Дәстүрді артта қалушылық дейтін түсініктен арылуымыз керек. Кез келген қоғам ұзақ уақыт жинақтаған тәжірибесін келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын еске ұстағанымыз абзал.

Егер халқымыздың сыннан өткен салт-дәстүрі болмаса, біз ынтымағы ұйыған ел болуымыз неғайбыл еді, ұлттық құндылықтарымызсыз алға қадам басу мүмкін емес», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти конференцияға жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

muftiyat.kz

 

Хабарламаларға жазылу