2014 жыл - «Дін мен дәстүр» жылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жыл - «Дін мен дәстүр» жылы

20.01.2014
2014 жыл - «Дін мен дәстүр» жылы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл - «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.
 
Мүфти-хазреттің мешіт имамдарына жолдаған Үндеуінде дініміз бен дәстүрімізді жаңғырту жолында бірқатар мәселелерге баса назар аударылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағытта төмендегідей іс-шаралар мен игі жобаларды жүзеге асыратын болады:
1. Мемлекеттік тілдің  қолданыс аясын кеңейтіп, дін мен ділді жаңғырту;
2. Исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау;
3. Жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру;
4. Имандылықты жырлаған қазақтың ақын-жазушылары, жыраулары, би-шешендері мен қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен баға жетпес бай мұрасын насихаттау;
5. Жамағатқа шариғаттағы әдет-ғұрыптың орны мен рөлін түсіндіру;
6. Жамағатты салт-дәстүрді құрметтеуге, қастерлеуге үгіттеу;
7. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Осы бағытта конференциялар мен кездесулер ұйымдастыруды, арнайы уағыз-насихат жүргізуді, кітапшалар шығаруды, телерадио жобаларын жүзеге асыруды тапсырамын», - делінген Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жолдаған Үндеуінде.

Хабарламаларға жазылу