Бас Мүфти: Ерлігімізді көрсетіп, елдігімізді танытайық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас Мүфти: Ерлігімізді көрсетіп, елдігімізді танытайық

11.04.2024

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барды. Тұрғындармен кездесіп, барша азаматтарды ортақ іске жұмылуға шақырды. Бұған дейін өңірге мүфтият қолдауымен 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген болатын. Тағы 114 тонна керек-жарақтар Жылыойға жөнелтілді. Бас мүфти еріктілермен бірге қапшық қаптап, жаға бекіту жұмыстарына атсалысты. Сондай ақ Құлсары тұрғындарымен де жүздесті.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу