Президент Рамазан айының басталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Рамазан айының басталуымен құттықтады

01.04.2022

Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, діни басқарманың жұмыстары жайлы мәлімет алды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жариялаған.

Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын «Әжелер мектебінің» ашылғаны жайлы айтты. Сондай-ақ Наурызбай қажы алдағы уақытта Түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу