Бас мүфти студенттерге дәріс оқыды

10.10.2014
Бас мүфти студенттерге дәріс оқыды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы студенттерге дәріс оқыды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  тәлімгерлері жат ағымдардан сақтану, отанды сүю, ата-ананы қадірлеу сынды тақырыпта дәріс тыңдап, мүфтимен сұхбаттасты. Ержан қажы қазіргі таңда, әр түрлі діни ағымдар мен секталардан қорғану күн тәртібіндегі бірінші мәселе екенін, әсіресе, жастардың діни сауаттылығын арттыруда, шалыс кетпеу қажеттігін жеткізді. Бас мүфти студенттер мен ұстаздардың сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, «Дін мен дәстүр» кітабының 300 данасын оқу орнына табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлытаудағы сұхбатында елбасымыз да дін мәселесін айшықтап, дәстүрлі діннен ажырамауымыз керек екенін атап өткен еді.

Ерлан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Жат ағымдарға кіріп жатқан көбісі жастар. Бірінші біз соның себебін толық зерттеп, түсініп алуымыз керек. Біз өзіміздің дәстүрлі дінімізді жастарға дұрыс түсіндіріп, жеткізе алмай жатырмыз. Осының кесірінен, көптеген жастарымыз басқа жат ағымға кетіп жатыр. Сондықтан, біз республикалық ақпарат насихатттауды құрдық.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу