БҚО-да 60 млн теңгенің жұмысы орындалмаған
Ұлттық арна Батыс Қазақстан облысында екі мектеп жабылып, 1200 бала он жерде оқып жүргені туралы мәселе көтерген болатын. Осы мәселе бойынша облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Казталов ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысына тексеріс жүргізіп, 60 млн теңгенің жұмысы орындалмағанын анықтаған. Атап айтқанда, еден жабынын төсеу, төбелерді әрлеу, ішкі бөлігіндегі басқа да жұмыстар жасалмаған. Бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып әрі мектеп уақытылы пайдалануға берілмеді. Құзырлы орган араласқаннан кейін жоспарлы жұмыстар орындалып, кем-кетігі түзелді.
Ерлан Досанов, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Құрылыс бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мектепті пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды. Бастапқы тапсыру мерзімінен 2 жылға артта қалушылық бар. Департамент әлеуметтік сипаттағы барлық объектілерді іске асырылғанға дейін тұрақты мониторингке алады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03