Халықаралық «Шабыт» фестивалі шымылдығын түреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Шабыт» фестивалі шымылдығын түреді

01.11.2014
Халықаралық «Шабыт» фестивалі шымылдығын түреді

3-8 қарашада Астанада XVII халықаралық шығармашыл жастардың «Шабыт» фестивалі ашылады.

Ал, ертең Тәуелсіздік сарайында «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша өтініштер қабылдау және тіркеу басталады.

Байқау жоспарына сәйкес, жеңімпаздар 7 қарашада анықталады.

Фестиваль «Үздік әдеби шығарма», «Камералық музыка»,  «Хореография», «Симфониялық оркестрді дирижерлеу» сияқты бірнеше аталым бойынша өтеді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Халық музыкасы» аталымы бойынша ең көп өтініш көрші Қытай  мемлекетінің тұрғындарынан келіп түскен.

Дәстүр бойынша жеңімпаздар Президент кубогын иеленеді.  «Шабыт» фестивалінің жүлде қоры - 250 000 теңге.

Хабарламаларға жазылу